Қарағандыда балаларға айттық таратылды

Жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі - Ораза айт мейрамы. Осы-нау Ұлық мейрамда  жас жеткіншектерге айттық таратылды. Игі шара «Зекет» және қайырымдылық қоры, «Жастар ісі» секторы және «Халал» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің біріге ұйымдастыруымен жүзеге асты. Берекелі шара барысында бүлдіршіндерге ойын-сауық ойнатылып,көтеріңкі көңіл-күй сыйланып,  сыйлықтар үлестірілді. Қасиетті мейрамның құрметіне орай асқа толы дастархан жайылып, жеткіншектерге бата берілді. Осында ерекше қуаныш сыйлаған шараны ұйымдастырушыларға бүлдіршіндер өздерінің ыстық лебізі мен алғысын жеткізді.


 

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін