Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Діни экстремизммен күрес
29 маусым, 2015 жыл 112 Басып шығару нұсқасы

Балқаш қаласының гуманитарлы- техникалық колледжінде дін және экстремизм жайында мұғалімдермен кездесу өтті. Басқұсуға Қарағанды қаласының №1 мешітінің найб имамы Ермахан Оралбай Әділбекұлы, Балқаш қаласының бас имамы Түсіпбеков Асылхан қажы Рахымжанұлы және Конфессияаралық қарымқатынас мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Майлаяқов Адамия Көкманұлы қатысты. Жиын барысында Ислам шариғатымен амал етіп, басқаға үлгі бола білу, әрі шариғат талаптарын орындау, өркениетті қоғам орнатудағы аса сенімді жол екенін түсіндіре білу – діни экстремизмге қарсы қолданар ең үлкен қару екендігі түсіндірілді. Діни экстремизмнің алдын алу жолдары, алдын алуды ұйымдастыру, діни сауатты кеңейту, жаңадан келіп жатқан тәлімгерлерге ислам құндылықтарын меңгерту секілді бірқатар мәселелер бүгінгі жиынның қарастырған басты тақырыбы болды. Нәтижесінде колледж басшылығы тоқсан сайын ислам құндылықтарын негіздейтін дәрістер өткізіп тұруды негізгі жоспарға қойды. Сондай-ақ, оқу ордасындағы оқытушылар  сабақ барысында діни экстремизмге жол берер деректерді мұқият қадағалап отырмақ. Қажет болған жағдайда діни экстремизм тұралы мәліметтер жазылған анықтама парақтары да таратылатын болады. Мұғалімдер бігінді қозғалған тақырыптан өзекті ой түйіп тарқасты.



Балқаш қалалық мешітінің баспасөз қызметі


41 42

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары