ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Darhan Dala» жобасы бойынша Құлық Жалаңтөс (Соқыр) батыр кесенесіне зиярат етілді. Қарағанды облысының Бас имамы Естай Айтуғанұлы Құран оқып, жиналған жұрт батыр рухына бата жасады.
«Зираттарды цифрландыру және жерлеу қызметтерін электронды түрде ұсыну» акциясы аясында қорымды цифрландыру жобасы сөз етілді. Осы арқылы мұнда келген тұрғындар батырдың өмірі мен ерліктерінен онлайн ақпарат ала алатын болады. Игі шараға «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Бақдәулет Қыдырбайұлы да қатысты. Сонымен қатар «Жалаңтөс (Соқыр) батыр қорымы» аркасының ашылу салтанаты жасалып, батыр рухына бағышталып ас берілді.
Пікірлер