Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Қарағанды облысы өкілдігі «Әнет баба» мешітінде “ІЗГІЛІК ЖАРШЫСЫ ӘЗ-МҰХАММЕД” атты Мәуліт кеші өтті. Қарағандылық жамағатқа арнап мешіт асханасында 400 адамдық мол дастархан жайылды.
Кеште өңір өнерпаздары дін мен дәстүрді ұштастыра отырып, жыр-термемен жиналған жұртшылықты тамсандырды. Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға салауат айтыла отырып, мәуліт жыры оқылды.
Шара барысында жеребе тартылып, 3 адам Ұмра қажылығына жолдама ұтып алды. Сонымен қатар қатысушылар арасында асыл дініміз жайлы сұрақ-жауап қойылып, викториналық ойын жеңімпаздары сыйлық иеленді.
Кеш соңында Қарағанды облысының бас имамы Естай Әбдіғали Айтуғанұлы рухани кешке жиналған жамағатқа алғысын білдіріп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өнегелі өмірінен уағыз-насихат айтты.
Пікірлер