Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Аsyl UYA» қоғамдық тамақтану орны сертификатын жаңартты
20 маусым, 2024 жыл 48 Басып шығару нұсқасы

 Қарағанды қаласындағы «Аsyl UYA» қоғамдық тамақтану орны  Халал Даму ЖШС – ның  сертификатын жаңартты.

Халал Дамудың  технолог мамандары кәсіпорында тексеріс жұмыстарын қайта жүргізіп, бақылау шараларын өткізді.

Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.

Нәтижесінде «Аsyl UYA» қоғамдық тамақтану орны «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай екендігі анықталып, халал сертификаты жаңартылды. Арнайы сертификатты Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы Данияр Ерікұлы  табыстады.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары