Шет ауданы «Жанқұтты би» мешітінде мешіт қызметкерлері арасында «Құрбан айтқа» байланысты жиын өткізілді.
Бұл жиында мұсылман қауымының ұлық мерекесі, әрі, халқымыздың салтына сіңген Құрбан айт мерекесін лайықты түрде өткізу мәселелері талқыланды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан биылғы жылғы Құрбан айтқа қатысты бекітілген жұмыс жоспары таныстырылып, соған сәйкес тыңғылықты жұмыс атқару тапсырылды.
Атап айтқанда, Құрбан айтқа дайындық жұмыстарын жүргізуден бастап, мешіттер мен көшелерге Құрбан айт мейрамымен құттықтау баннерлерін ілу, құрбандық еттерін жинап, мұқтаж отбасыларға тарату істеріне еріктілерді жұмылдыру, сондай-ақ, Құрбан айт күндері мешіттердің ауласында ұлттық дәстүрімізге сай спорт түрлерінен сайыстар өткізу, Айт намазының уақытын бірізділікпен белгілеу және т.б. сынды мәселелер сөз болды.
Сонымен қоса, Шет ауданына қарасты мешіттерде «Құрбан айтқа» дайындық шаралары өткізіліп, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Пікірлер