Қарағанды облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторы «Ханифа» қыздар даму клубының ұйымдастыруымен садақ атудан шеберлік сағаты болып өтті. Спорттық шара қазақ халқының батыр қыздары Әлия мен Мәншүктерді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған болатын.
Ислам ғұламалары: «Атқа міну, садақ ату, күрес пен жүгіру – созылмалы аурулардың бірден-бір дауасы», - десе, сахаба Омар ибн Әл-Хаттаб: «Өз балаларыңа садақ атуды, суда жүзуді және атқа мінуді үйретіңдер», - деген.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер