Жергілікті «Абдрахманов ЖК» «Bala Park» қоғамдық тамақтану орнын сертификатын жаңарту барысында ҚМДБ-ның Халал Даму ЖШС-ның жауапты технолог мамандары мекемеге арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізді. Жұмыс қорытындысы бойынша мекеменің өндірісте қолданатын шикізат көздері, тағамдық қоспалары және өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау, сату барысындағы қызметі толықтай халал стандарт талаптарына сай екендігі анықталды.
Барлық талаптарға сай қызмет етіп жатқан кәсіпорнының басшылығына «Халал Даму» ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Амангелді Дәулеткелдіұлы «ҚМДБ халал» сертификатын табыстады.
«Абдрахманов ЖК» «Bala Park» қоғамдық тамақтану орны сіздерді мына мекен-жайда күтеді: Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан ауданы, Карл Маркс көшесі 41/1
Пікірлер