Абай ауданына қарасты Топар кенті "Жұмабек Тәшен"мешітінің имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты ақсақалдар жиыны өтті.
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өткен жиынға мешіттің ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.
Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап, аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
Шараның басты мақсаты қазақ отбасының қазынасы саналатын қариялардың өнегесі арқылы жас буынды өнеге мен ізгілікке тәрбиелеу.
Жиында берекелі дастархан жайылып, Құран оқылып, дұға жасалды.
Пікірлер