Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облысы имамдары атқа отырып сейіл құрды
04 мамыр, 2024 жыл 121 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен "Ислам және дәстүр құндылығы" жылы аясында Қарағанды қалалық "Әл машани" мешітінің  ұйымдастыруымен Қарағанды облысы имамдары бабадан қалған дәстүрді әспеттеп,  шаһардың іргесінде атпен саят құрды.

Игі шараға «Шариғат және пәтуа» бөлімінің маманы Құрсақов Медет Құрмашұлы және «Астана» медресе-колледжінің ұстазы Хожан Қуандық арнайы қатысып, қонақ болды. Дін мен дәстүр сабақтастығы насихатталған шара барысында сонымен қатар, "Дархан дала" жобасы жүзеге асты.

Дәстүріміздің құндылықтары насихатталған шараның мақсаты дін мен ата-дәстүр салтымыздың сабақтастығын жаңғырту және салауатты өмір салтын ұстану.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары