Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарқлы ұстаз Данияр Кемербаев Саран қаласының техникалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Саран мешітінің имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлының ұйымдастыруымен өткен келелі кездесуде "Ислам және дәстүр құндылығы" , "Жат ағым жарға жығады" тақырыптары насихатталды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер