Қарағанды облысына қарасты «Қазыбек би» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлы мешіт жамағатына жат ағымның алдын-алу тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесуде имам дін тақырыбында жан-жақты насихаттар айтып, әсіресе, қоғамда көбейіп кеткен теріс ағымдардың белгілері, діни сайттар және экстремистік топтар мәселелері кеңінен талқылады. Жат ағымдардың қоғамға келер зияны және олардан сақтану шаралары мен алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, жастар арасында түрлі қылмыстар, ұрлық-зомбылық, арақ-шарап, темекі, зинақорлық секілді кесапат күнәлар тақырыбында уағыз-насихат айтты. Оларды Алланың ақ жолына, зиянды істерден аулақ жүруге шақырды.
Пікірлер