Абай аудандық орталық мешітінде «Таза әлем» атты сенбілік ұйымдастырылды. Шара барысында Абай ауданының имамы Асхат Қанайұлы мешіт жамағатына тазалық туралы уағыз насихат жүргізді. «Тазалық иманның жартысы»,-деген қағиданы ұстанған мешіт жамағаты әр сенбі күндері қаланың тазалығына үлес қосып, сауапты амалды атқаруды қолға алған.
. Шараның басты мақсаты қаланы таза ұстап, қоршаған ортаның тазалығына ат салысу.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер