Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Нуров Махмудқажы Нурұлы "Қазақ соқырлар қоғамы" қоғамдық бірлестігіне барып зағип жандармен кездесу ұйымдастырды. Рамазан айында бір-бірімізге жылулық сыйлап жүруіміз керек деп имам орталықтағы жандардың қоғамда алар орындары ерекше екеніне тоқталды. Рухани қолдап, көңілдеріне демеу болды. "Бала қажы" мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдастыруымен тәтті дастархан жайылып, ауызашар берілді. Қоғамдық басшылары разылықтарын білдіріп, Нуров Мухмуд имамға Алғыс хатпен марапаттады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер