Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде «Жастар ісі» секторының жауапты меңгерушісі Арифжан Нуровтың ұйымдастыруымен «Бір айда Құранға түс» жобасы аясында он шәкірт Құранға түсті.
Қасиетті рамазан айының қарсаңында Құранға түскен шәкірттердің білімге деген ынталарын шыңдау мақсатында оларға Құран кітаптары тарту етілді. Діни сауат ашу дәрісі алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер