Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде әйелдер жамағатына «Отбасы құндылығы» тақырыбында дәріс өткізілді.
Арнайы сабақты мешіт дін қызметкері, «Қамқор Шарапат» салыттық қызмет көрсету бағытының жауапты маманы Мирас Ерланұлы жүргізді.
Дәріс барысында әйел адамның отбасындағы рөлі түсіндірілумен қатар, қасиетті рамазан айының артықшылығы насихатталды.
Сонымен қатар, қасиетті айда Құран хатым етудің артықшылығы, оразаны дұрыс ұстау, рамазанды лайықты деңгейде өткізу сынды тақырыптар қамтылды. Одан кейін, шәкірттердің сұрақтарына жауап берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер