Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда Рамазанға арналған жиын өтті
Теміртауда Рамазанға арналған жиын өтті

   Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінде Рамазан айына арналған жиын өтті.

Аймақ имамы Ақниет Сәлімбайұлының ұйымдастыруымен өткен жиынның күн тәртібінде рамазан айында  облыс тарапынан жүктелген тапсырмалар аясында дайындық жұмыстары пысықталды. Мешіттің ішкі-сыртқы тазалық жұмыстарынан бастап ауызашар, қайырымдылық шараларын тиісті деңгейде жүзеге асыру  жоспарланды. Жиынға Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің дін қызметкерлері қатысты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz