Абайда «Тегін такси» және «Тегін автобус» жобасы басталды
Қасиетті Рамазан айының келуіне орай Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен «Тегін такси» және «Тегін автобус» қайырымдылық жобасы басталды.
Игі шараның мақсаты берекелі айда аймақ халқына жәрдем беріп, діттеген жеріне тегін жеткізу. Айта кетейік, аталмыш жоба тарауық намазынан кейін де жүзеге асырылуда.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер