ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қоры «Достық» білім орталығымен бірлесіп әлеуметтік көмекке мұқтаж 40 отбасыға азық-түлік үлестірді.
Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен ұйымдастырылған шараның мақсаты жалғыз басты, көп балалы аналарға қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі және науқас жандарға қол ұшын сөзу.
«Осы игі шараға қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға Алла Тағала разы болсын! Жаратқан Иеміз алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына аман есен жетуімізді нәсіп етсін!»-деді, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы.
Айта кетейік, бір отбасыға (ұн, күріш, шәй, май, қант, макарон өкімдері т.б.) беріліп, үйлеріне жеткізілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер