Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Әсет Наурызбайұлының ұйымдастыруымен «Аталар мектебі – тәрбие негізі» атты ақсақалдар жиыны өтті.
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында өткен жиынға мешіттің ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты.
Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап, аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
Шараның басты мақсаты қазақ отбасының қазынасы саналатын қариялардың өнегесі арқылы жас буынды өнеге мен ізгілікке тәрбиелеу.
Жиында жаңа бастамаға ақсақалдар қауымы қолдау білдіріп, Құран оқылып, дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер