ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінде «Құран және тәжуид» курсы алғашқы жұмысын бастады.
Мешіт имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шараға аймақ жамағаты қатысып, жаңа бастамаға ақсақалдар ақ батасын берді.
Алдағы уақытта «Құран және тәжуид» курсында мешіт шәкірттері құран ілімдерімен және хадистану бағыттары бойынша діни сауат ашатын болады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер