Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Әлихан Бөкейхан ауданы «Төлеутай ата» мешітіне имам тағайындалды. ⠀
⠀
Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы мешітке жиналған қалың жамағатқа ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқи отырып, «Төлеутай ата» мешітінің имамы Айтқазин Рауан Төлеубекұлын таныстырды. ⠀
⠀Осы кезге дейін Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде наиб имам қызметін атқарып келген Рауан Төлеубекұлының діни саладағы білімі мен тәжірибесін айрықша атап, алдағы еңбек жолына сәттілік тіледі.
Ал, мешіт ақсақалдары жаңа имамның қызметіне береке тілеп батасын берді.
⠀
Сондай-ақ, «Төлеутай ата» мешітінде бұған дейін имамдық қызметін абыройлы атқарып, жамағаттың бірлігі мен ұйымшылдығына үлкен үлес қосып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Серік Аманбайұлының жасаған жұмыстары үшін облыс бас имамы алғысын білдіріп, иығына қазақы қошеметпен шапан жапты.
Айтқазин Рауан Төлеубекұлы
Білімі:
- 2010-2013жж. Астана қаласы, «Астана» медресе-колледжі;
- 2018ж. Алматы қаласы, ИБЖИИ (2 айлық курс);
-2018ж. (желтоқсан айы) Астана қаласы, «Зияткер имам» білім жетілдіру курсы;
- 2021ж. Мысыр, «Әль Азһар» университетінде қашықтықта білім алу 1 айлық курсы;
Жұмыс тәжірибесі:
- 2013 -2014жж. Қарағанды облысы, Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінің наиб имамы;
- 2014-2023жж. Қарағанды облысы, Балқаш қалалық мешітінің наиб имамы;
-2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде наиб имам қызметін атқарды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер