ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасымен Топар кенті «Жұмабек Тәшен» мешіті жамағаты «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында бас қосты.
Мешіт имамы Мурсали Қаленұлының ұйымдастыруымен өткен шара барысында мешітке жиналған жамағатқа «Тақуалық және де оның сипаттары» жайында уағыз насихат айтылды.
Шара барысында арнайы дастархан жайылып, рухани кеш соңы сұрақ-жауаппен жалғасты.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер