Балқаш қалалық мешітінің имамы Қалдарбеков Нұрболат Сейлханұлының ұйымдастыруымен Ізгі қоғам аясында ел ағалары мен ауыл ақсақалдарының басын қосқан «Аталар мектебі» атты келелі кездесу болды.
Жиында арнайы алғы сөзді алған мешіт имамы ақсақалдардың қоғамдағы мәртебесі жөнінде сөз қозғап, аталар институтының орны айрықша екендігін тілге тиек етті.
«Өнегелі ұрпақ тәрбиесі мен қоғам жастарына насихат айтып, қазыналы қария сөзімен елді ауызбіршілік пен тұтастыққа тәрбиелейтін аталар мектебі ізгі қоғамның игі бастамасы болары сөзсіз», - деп, бір ауыздан қолдау танытты ақсақалдар алқасы.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет
Пікірлер