Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әбілқас Сағынов» атындағы Қарағанды техникалық университетінде кездесу өтті
19 ақпан, 2024 жыл 88 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің ұстазы ҚМДБ Шариғат және Пәтуа бөлімінің Қарағанды облысы бойынша жауапты маманы Юсупбек Шұғайұлы және жат ағымдардан сақтандыру бағытының  жауапты маманы Данияр Ерікұлы «Әбілқас Сағынов» атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Юсупбек Шұғайұлы  «Құран және ғылым» тақырыбы аясында  жастарға тәрбиелік-танымдық насихат айтып, ислам дініндегі бейбітшілік пен татулықтың маңыздылығын түсіндірді.

Одан кейін, Данияр Ерікұлы жат ағымның алдын-алу тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Жиын соңында дін қызметкері жастардың көкейлерінде жүрген шариғи сұрақтарына тұшымды жауап беріп, студенттерге білім алу жолында сәттілік тіледі.

Қарағанды облысының баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары