Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Өңір имамы Теміртау қаласының әкімімен кездесті
19 ақпан, 2024 жыл 70 Басып шығару нұсқасы

   Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлы аймақ әкімі Таурбеков Ораз Қайсаұлымен кездесті. 

Аймақ әкімінің қабылдауы барысында өңір  имамы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді.

Келелі кездесуге Теміртау қалалық "Жақып Ақбай" мешітінің имамы Жанболат Жұматұрұлы да арнайы қатысты. 

Әкіммен кездесуде өңірдің діни аухалы, халықты имандылық жолына бағыттау, жастар тәрбиесіне көңіл аудару сынды келелі мәселелер талқыланды.

Қала  басшысы сонымен қатар қызметке жаңадан тағайындалған  имамының алдағы жұмысына табыс тіледі.  Өңірдің діни ахуалына мүмкіндігінше қолдау көрсетіп, бірлесіп қызмет атқаратындығын жеткізіп, ұлттық құндылықтармен рухани тәрбиені насихаттау, дамыту бағытында бірқатар шаралар жасауға ниет білдірді. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары