Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Бала қажы» мешітіне жаңа наиб имам қызметке тағайындалды
19 қаңтар, 2024 жыл 81 Басып шығару нұсқасы

  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітіне жаңа наиб имам  қызметке тағайындалды.

Жұма намазына жиылған жамағатқа Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің имамы Махмұд Нұрұлы    жаңадан тағайындалған наиб имам  Кожекеев Даулет Ербатыровичті таныстырып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Жаңа қызметкер жайлы қысқаша мәлімет беріп өткен Махмұд Нұрұлы  діннің  дамуы жолындағы сауапты һәм жауапты қызметіне сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Жамағат атынан ақсақалдар батасын беріп, жаңа қызметкердің  ел игілігі мен дін игілігі жолындағы жұмысына береке тіледі.

Кожекеев Даулет Ербатырович

Білімі:

2017-2020 ж ж «Нұр-Астана» медресесі;

Жұмыс тәжірибесі:

2020-2022 жж Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Доскей ауылдық «Ташмолла» мешіті;

2022-2023 жж Қарағанды қалалық «Хазрет али» мешіті;

2023-2024 жж Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешіті.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары