Center Image
IHSAN.KZ
«Әнет баба» мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды
«Әнет баба» мешітіне жаңа ұстаз тағайындалды

    ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіне жаңа ұстаз қызметке тағайындалды.

Жұма намазына жиылған жамағатқа ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имам Естай Айтуғанұлы   жаңадан тағайындалған ұстаз Кемербаев Данияр Ериковичті таныстырып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Жаңа қызметкер жайлы қысқаша мәлімет беріп өткен облыс бас имамы діннің  дамуы жолындағы сауапты һәм жауапты қызметіне сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.

Жамағат атынан ақсақалдар батасын беріп, жаңа қызметкердің  ел игілігі мен дін игілігі жолындағы жұмысына береке тіледі.

 

Кемербаев Данияр Ериковичті

Білімі:

- 2017-2021жж. Алматы қаласы, “Нұр-Мүбәрак” Египет ислам мәдениеті университеті, (бакалавр) Исламтанушы;

- 2021-2023жж. Алматы қаласы, “Нұр-Мүбәрак” Египет ислам мәдениеті

университеті, (магистр) Исламтанушы;

Жұмыс тәжірибесі:

- 2021-2022жж. Балқаш қалалық мешітінің ұстазы;

 - 2022-2023жж. ҚМДБ Республикалық имамдардың білімін арттыру

ислам институты, хадис пәні ұстазы;

- 2022-2023жж. Кемел физика-математика мектебі, араб тілі ұстазы.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz