Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Жаңа имам мешіт тынысынан хабар алды
28 желтоқсан, 2023 жыл 93 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітіне жақында имам болып тағайындалған Ақниет Сәлімбайұлы аймаққа қарасты қалалық «Жақып Ақбай» мешітінің тынысынан хабар алды.  

Қазіргі уақытта тоқтаусыз жүріп келе жатқан құлшылық үйінің күрделі жөндеу жұмыстарымен танысып, Алланың үйін көркейтуге атсалысып жатқан арнайы мамандармен жолықты. Мешіт имамы Жанболат Жұматұрұлы жұмыс процесімен таныстырып, соңғы кездері жасалған істердің барысын баяндады.

Айта кетсек, Теміртау қалалық мешітінің күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынған болатын. Аталмыш игі бастама бүгінде облыс бас имамының тікелей қадағалауымен қарқынды жалғасу үстінде. Алла нәсіп етсе, бірнеше кешеннен тұратын құлшылық үйі толықтай жөдеуден өтіп, жамағат игілігіне берілмек.

 ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары