Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде «Ас беру мәдениеті» құжатын түсіндіруге арналған семинар өтті.
Мешіт дін қызметкері Мирас Ерланұлы жиналған жамағатқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан қабылданған бұл құжаттың маңызын тағы бір түсіндіріп, өңірімізге қарасты барлық елді мекендерде шариғат шеңберіне сай, салт-дәстүрімізге лайықты деңгейде ас беру, құдайы тамақ беру мәдениетін қалыптастырудың қажеттілігіне тоқталды.
Бұдан бөлек, аталмыш құжатты халық арасында кеңінен насихаттауға шақырып, бұл мәселе жөнінде қатысушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер