Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде Людмила есімді орыс ұлтының өкілі Ислам дінін қабылдап, есімін Аиша деп өзгертті.
Оның мұсылмандықты қабылдау рәсімін «Бала қажы» мешітінің наиб имамы Сұлтан Аманболұлы өткізіп, һақ дінімізді таңдаған қадамына сауап тіледі. Оған Исламдағы бес парызды түсіндіріп, шариғат шарттарынан хабар берді.
Мешіт ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызы азаматшаның бұл қадамына шексіз ризашылығын білдіріп, діни кітаптарды тарту етті. Сонымен қатар, жайнамаз сыйға тартып, алдағы өтетін діни дәрістерге қабылдады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер