ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасына сәйкес облысқа қарасты Нұра ауданында «Ихсан рухани тәрбие негізі» атты семинар болып өтті.
Семинарға аудан имамы Ерлан Серікұлы бастаған аймаққа қарасты имамдар мен ұстаздар қатысты.
Аудан имамы Ерлан Серікұлы жалпы имамдар пайғамбар жолында жүрген тұлғалар екенін атап өтіп: «Имамдарымыз Ихсан ілімін ең әуелі өз өмірлеріне арқау етуі қажет. Жеке адамға болсын, жамағатқа болсын бір насихат айтпас бұрын, сол ілімге өзіміз лайықты болуымыз керек. Сол кезде ғана ойларымыз бен іс-әрекетіміздің арасында үйлесімділік орнап, айтқан сөздеріміз адамдардың жүрегіне жетіп, оң өзгерістерге септігін тигізе аламыз. Дана халқымыз «ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» деп бекер айтпаған. Рухани-адамгершілік құндылықтарды өз бойына сіңірген ұстаз ғана, өзге адамдардың жетілуіне мүмкіндік туғыза алатынын ұмытпаңыздар», деді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер