Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әнет баба» мешітіндегі апталық дастархан жалғасын тапты
26 қазан, 2023 жыл 61 Басып шығару нұсқасы

    Аптаның әр бейсенбі күні берекелі дастархан басында бас қосуды үрдіске айналдырған  Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жамағаты дәстүрге айналған рухани кеште тағы бір мәрте бас қосты.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлының тапсырмасы аясында жүзеге асқан  шара барысында мешіт жамағатының құрметіне  берекелі дастархан жайылып, ас берілді.

Берекелі шараға аймақтың ақ сақалды қарялары құрметті қонақ болды. Қарттар күнінің құрметіне орай өткен шарада ақ сақалды жандарға кәде сыйлықтар тарту етілді. 

Жамағаттың бірлігі мен ауызбіршілігін нығайту мақсатында өткен рухани кешке Қарағандықалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы арнайы қатысып, «Тақуалық пен үлкенге құрмет» төңірегінде  уағыз-насихат айтты.

Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласты.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі қызметі⠀

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары