Республика күніне орай Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Әсем» балалар үйіндегі жеткіншектерге қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Шараға мешіт имамы Махмұд Нұрұлы арнайы қатысып, мекемеде тәрбиеленіп жатқан бүлдершіндерге өзінің ыстық лебізін білдірді. Сонымен қатар, балаларға қажетті заттар мен тәттілер үлестірілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі⠀
Пікірлер