Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Абайда тал егу акциясы ұйымдастырылды
18 қазан, 2023 жыл 70 Басып шығару нұсқасы

   Республика күніне орай Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының тапсырмасы аясында Абай аудандық орталық мешітінің ауласында абаттандыру жұмыстары болып өтті.

Шараға аймақ әкімі Сәбит Темешұлы және мешіт имамы Асхат Қанайұлы бастаған дін қызметкерлері, жергілікті жамағат пен аймақ халқы қатысып, құлшылық үйінің ауласына жеміс ағаштары мен талдар отырғызды.

Айта кетейік, аталмыш тал егу шарасы облысқа қарасты барлық елді-мекендердің мешіттерінде жалғасын таппақ.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары