Қарағанды қаласындағы «Қарқаралы и К» ЖШС-ның «Қарқаралы», «Сарыбел», бидай ұн өндірісінің - «ҚМДБ халал» сертификаты жаңартылды.
Арнайы жүргізілген бақылау-қадағалау шаралары барысында, «Халал Даму» ЖШС-ның жауапты маманы Амангелді Дәулеткелдіұлы тексеріс жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорынның қызмет барысы мен өндіріс жұмыстарын толық қадағалап, өнімдерін сараптамадан өткізді. «ҚМДБ халал» таңбасымен шығарылатын «Қарқаралы, «Сарыбел» наубайханалық ұндарын дүкен сөрелерінен таба аласыздар. Мекен-жайы:Қарағанды қаласы, Осакаровка ауданы, Сұңқар ауылы, «Киров көшесі»55
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер