ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінің имамы Жандос Әшімұлының ұйымдастыруымен ашық есік күні болып өтті.
Айтулы шараға аймақ дін қызметкерлері, жергілікті тұрғындар, студенттер мен мешіт жамағаты және Қарағанды олыстық дін істер басқармасының басшысы Жанболат Сектай арнайы қатысты.
«Дін мен дәстүр» бағыты аясында өрбіген шара барысында студенттер мен аймақ жамағаты қазақтың ұлттық ойындарынан бақ сынасты. Атап айтқанда, «кір тасын көтеру», «қол күресі», «арқан тартыс» ойындары бойынша өнер көрсетіп, мықтылар марапатталды.
Шара соңында мешіт асханасында берекелі дастархан жайылып, ас берілді.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер