Қарттар күнінің құрметіне орай Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Бейбіт Бақытжанұлының ұйымдастыруымен және жергілікті ақсақалдар алқасының ат салысуымен мерекелік шара болып өтті.
«Дін мен дәстүр» бағыты аясында өткен шара барысында қазақы киіз үй тігіліп, қариялар мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті.
Шара барысында ұлттық ойындар ойнатылып, күй шертіліп ән айтылды.
Мешіт имамы Бейбіт Бақытжанұлы шара барысында аймақтың ақсақалдар қауымын айтулы мерекелерімен құттықтап, арнайы алғыс хаттармен марапатады.
Осындай игі шараны жүзеге асырған «Әлихан Бөкейхан» мешітіні ұжымына ақсақалдар қауымы шексіз ризашылықтарын білдірді.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер