Қасиетті мәуліт айында Алланың қалауымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде тағы бір өзге ұлт өкілінің азаматшасы ислам дінін қабылдады. Эрина бұл шешімге жүрек қалауымен келген.
Мешітке ағынан жарылып келген жанды мешіт ұстазы Юсуфбек Шұғайұлы қарсы алып, исламның парыздары туралы және көркем дініміз бен сүйікті пайғамбарымыз (с.а.с.) туралы қызықты дүниелер айтып, Эринаның шешіміне ризашылығын білдірді.
Кәлима шаһадатты айтқызып, мұсылман болуымен құттықтады.
Пікірлер