ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінде «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» атты имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинар болып өтті.
Семинарға Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлы бастаған дін қызметкерлері, имамдар мен ұстаздар қатысты.
Аталмыш семинарды өткізудегі негізгі мақсат – дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, іс-тәжірибелері мен зайырлылық біліктіліктерін арттыру, жан-жақты дамыту мәселелерін қамту болды.
Семинар барысында мешіт имамдарының білімі, әдептілік міне-құлық қағидалары, қазақ мәдениеті және исмал құндылықтары, тарихы, исламдағы сенім, ақида мәселелері, қазіргі кезде әлеуметтік желі мүмкіндігін терең пайдалану туралы тақырыптар қозғалып, түйткілді мәселелер талқыланды.Сонымен қатар, діни басқарма тарапынан бекітілген бес бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер