Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы Абайда жалғасты
24 тамыз, 2023 жыл 379 Басып шығару нұсқасы

  Қарағанды облысына қарасты Абай аудандық орталық мешітінің имамы Асхат Қанайұлының ұйымдастыруымен жыл сайын  дәстүрлі түрде өтетін «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы болып өтті.

Шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мирас Ерланұлы қатысты.  Игі іс-шара барысында 40 балаға оқушы сөмкесі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар тарту етілді.

«Біздің болашағымыздың кепілі – білімді ұрпақ. Ал баланың жастайынан білімді, алғыр болуы үшін ата-анасы мен ұстазының тәлімінен бөлек, материалдық жағдайының да жақсы болғаны маңызды. Сол себепті жыл сайынғы игі іс-шараға биыл да үлесімізді қосып,  ауданның көпбалалы және жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына сый жасап отырмыз. Оқуға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, акцияға демеушілік жасаған жомарт жандарған шексіз алғысымызды білдіреміз. Алла разы болсын!» аудан имамы Асхат Қанайұлы өз сөзінде. 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары