Қарағанды қаласындағы «Firdaus» қоғамдық тамақтану орны Халал Даму ЖШС – ның сертификатын жаңартты.
Халал Дамудың технолог мамандары кәсіпорында тексеріс жұмыстарын қайта жүргізіп, бақылау шараларын өткізді.
Сондай-ақ қызметкерлердің жұмыс жасау барысы, санитарлық тазалық шарттарын сақтауы, шариғат талаптарына сай емес өнімдерді қолданбауы, мекемеге шикізат өнімдерін тасымалдаушы кәсіпорындардың құжаттары, техникалық құрал-жабдықтардың стандарт талаптарына сай жабдықталуы, қаптамалардың адам денсаулығына зиянды болмауы секілді өнім өндіруден бастап тасымалдап сатуға дейінгі барлық жұмыс процесі тексерілді.
Нәтижесінде «Firdaus» қоғамдық тамақтану орны «ҚМДБ халал» стандарт талаптарына сай екендігі анықталып, халал сертификаты жаңартылды. Арнайы сертификатты Халал Даму ЖШС-ның Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Амангелді Дәулеткелдіұлы табыстады.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер