«Бірлігі жарасқан жамағат» тақырыбы аясында Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінің ұстазы Бақытгүл Айтқалиқызының ұйымдасыруымен әйелдер жамағатына арналған рухани отырыс болып өтті.
Қасиетті құрбай айттың құрметіне орай өткен шара барысында әйелдер жамағатына арнайы мерекелік дастархан жайылды. Берекелі шара құран оқумен бастау алды. Одан кейін, мешіт ұстазының ұйымдастыруымен «Білімімізді арттырамыз» атты сайыс өтті. Одан кейін, әйелдер жамағатының сұрақтарына жауап беріліп, сұрақ-жауап ойындары ойнатылды. Шара соңында құран хатым дұғасы жасалды.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
Пікірлер