Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Дін мен дәстүр» бағыты Доскей ауылында дәріптелді
17 наурыз, 2023 жыл 78 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды облысына қарасты Доскей ауылдық «Ташмолла әулие» мешітінде «Дін мен дәстүр» бағытының Қарағанды облысы бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлының ұйымдастыруымен рухани шара болып өтті.

Шара барысында бөлімнің жауапты маманы облыс бас имамы Естай Айтуғанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, мешіт жамағатына ата-дәстүр салтымыздың дінмен сабақтастығын насихаттады.  Мешіт имамы Ардақ Әділханұлының ұйымдастыруымен өткен шарада қазақтың тәрбие танымдық, әдет ғұрпы, ұлттық ойындары, ұмытылып бара жатқан ежелгі үрдістері дәріптелді.  ҚМДБ-ның бес бағытының бірі - дін мен дәстүрді тұрмыс салтымызда жаңғыртудың маңызы айтылып, ізгі қоғам турасында жинақталған кітапшалар таратылды.

Шара соңында,    мешіт жамағатына  дін мен дәстүр  аясында тәрбие танымдық шара өткізген  Бақдәулет Қыдырбайұлына мешіт имамы өз алғысын білдіріп, ризашылығын жеткізді. 

 

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары