Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қазыбек би» мешіті құрбан айттың құрметіне азық-түлік үлестірді
19 маусым, 2024 жыл 222 Басып шығару нұсқасы

   Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Ербол Мұқанұлының ұйымдастыруымен қасиетті құрбан айт мейрамының құрметіне  орай әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға бір айлық азық-түлік қоржынын үлестірілді. 

 Қасиетті мейрамның құрметіне жасалынған қайырымдылық шарасы  жергілікті жамағат пен демеушілердің қолдауымен жүзеге асты.  

 «Адамдардың ең қайырлысы өзгеге пайдасы тигені», деп хадисте айтылғандай, мешіт имамы осы шараның жүзеге асуына атсалысып, көмек қолын созған мешіт жамағатына алғысын айтты.  

 Қайырлы істің жылулығын сезініп, қуанышқа бөленген отбасылар мешіт ұжымы мен жамағатына, атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдірді.    

Қарағанды облысының баспасөз қызметі    

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары