«Қажыбай қажы» мешітінде жазғы сауат ашу дәрісі басталды

Бұқар Жырау ауданына қарасты Үштөбе ауылдық «Қажыбай қажы» мешітінде қыз балаларға арналған "Имани жаз-2024" жазғы діни сауат ашу курсы басталды.

Дәрістің алғашқы күнінде қыз балалар діни сауат ашумен қатар садақ атып үйрену, қолөнер үйірмелері және дін мен дәстүр сабақтастығы аясында мақал - мәтелдер, қыз балаға тән әдеп сабақтарын өтті.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін