Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің имамы Сайлау Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен апталық қайырымдылық шарасы жалғасын тауып, әлеуметтік көмекке мұқтаж қарт жандарға көмек көрсетілді.
Жомарт жандардың демеушілігімен жүзеге асқан игі шараға мешіт дін қызметкерлері ат салысты.
Айта кетейік, азық-түлік қоры салынған қайырымдылық қоржындарын тізімдегі жандардың тұрғылықты мекен-жайына жеткізіп беру жұмыстарын мешіт қызметкерлері жүзеге асырды.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі