«Зекет және қайырымдылық» қоры 1 000 000 теңге қайырымдылық сертификатын үлестірді

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облысы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен  әлеуметтік көмекке мұқтаж он  отбасыға қаржылай көмек көрсетілді. ⠀

Атап айтқанда, әр отбасыға 100 000 теңгеден қаржылай көмек беріліп, жалпы мөлшері 1 000 000 теңге қаржылай жәрдем көрсетілді.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының қолдауымен жүзеге асып отырған шараның мақсаты - жалғызбасты көпбалалы аналарға қарайласу, мүмкіндігі шектеулі науқас жандарға қол ұшын созу.⠀

Игі істің басы-қасында жүрген «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы жиналған қауымға жүрекжарды тілектерін айтып, облыс бас имамының ыстық сәлемін жеткізді. ⠀

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызмет

© 2009-2024, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін