«Дін мен дәстүр» бағыты және «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті жастарына ауызашар дастарханы жайылды.
Мешіт ауласына арнайы тігілген киіз үйде берекелі дастархан жайылып, кешке жиналған жастарға «Дін мен дәстүр» бөлімінің жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы ата дәстүр салтымыздың дінімізбен сабақтастығын насихаттап, уағыз айтты. Шараның мақсаты мешіттің рухани шараларына ат салысып жүрген ерікті жастар мен мешіт шәкірттерін ынталандыру.
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі