«KAUSAR YUM BAKERY» кондитерлік өнімдері сертификатын жаңартты

     Қарағанды қаласында орналасқан кондитерлік өнімдер өндіруші «Оскенбеков Т.М» ЖК «KAUSAR YUM BAKERY» кәсіпорны «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатын жаңартты.

«Халал Даму» ЖШС-ның жауапты технолог мамандары кәсіпорнының өндіріс аймағында болып, бақылау-қадағалау шараларын орындады. Өндіріс аймағы санитарлық тазалық талаптарына толықтай сай, «ҚМДБ халал» стандартын бұзу жағдайлары анықталмады.

«KAUSAR YUM BAKERY» кәсіпорны «Тамақтандыру қызметтері», «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар» стандартына сай деп танылып, «ҚМДБ халал» сертификаты табысталды.

Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

© 2009-2025, Қарағанды облыстық мешіті Сайт материалдарын қолдану үшін